29.10.2020, 9:54
Оқылды: 69

Қазақстан судың сапасы бойынша әлем елдерінің рейтингінде 54-ші орын алды

Қазақстандықтарға жеткізіліп отырған табиғи судың көлемі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2,2 млрд текше метрді құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға көп. Анықтама үшін: 2019 жылы көрсеткіш 3 млрд текше метрді құрады – бұл алдағы жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары.

су

Қазақстанға жеткізіліп отырған ауыз судың көлемі 1 пайызға, ал ішуге жарамсыз судың көлемі керісінше, жыл ішінде 2 пайызға өскен. Әлем елдерінің тұтынылатын судың сапасы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін клиникалық тіркелген оқиғаларды есепке алатын рейтингінде Қазақстан 179 орынның ішінде 54-ші орында тұр. Қазақстан Республикасында ауыз су сапасының индексі 100-ден 55,8 көрсеткішін құраған. Рейтингте бірінші орынды көрсеткіштері жоғары 10 ел алған: Австрия, Финляндия, Грекия, Исландия, Ирландия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале