ҚР Үкіметінің хабарлауынша, ішкі нарықты қорғап, отандық өндірісті дамыту мақсатында Қазақстан үшінші елдерден келетін бірқатар құрылыс материалдарының импортын шектеді.

Фото: www.istockphoto.com
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында бұл шараның нарықтағы бағаға кері әсер етпегенін және жергілікті кәсіпорындар жұмысының артуына оң ықпал еткенін атап өтті.
Сонымен қатар шаруаларды белгіленген бағамен қамтамасыз ету үшін минералды тыңайтқыштар экспортына лицензия алу талабы қойылып, металл сынықтары айналымын реттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Отандық өнімді тұрақты өткізу мақсатында қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі іске қосылды.
Бұл қадам ірі компаниялар мен жергілікті бизнес арасындағы ұзақ мерзімді сатып алу байланыстарын нығайтуға бағытталған.