28.12.2022, 20:22
Оқылды: 101

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесу өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Кездесуге этномәдени бірлестіктері мен құрылымдылық бөлімшелері, ақсақалдар және аналар кеңестері, жастар қозғалысы мен еріктілер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

41 (113)

- Қазақстандық патриотизм азаматтық, рухани және мәдени қоғамдастығының негізінде құрылған, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету негізгі мақсатымыз болып табылады. Батыс Қазақстан облысындағы 53 этно-мәдени бірлестіктер облыстық ассамблеяның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Сондай-ақ қоғамдық келісімді, тұрақтылықты нығайтуға бағытталған әлеуметтік, мәдени шараларды ұйымдастырушы. Бұл жақсы үрдіс және еліміздегі тұрақтылықты сақтаудағы өте қажет қызмет деп есептеймін, - деді алқалы жиында төрағалық еткен өңір басшысы Нариман Төреғалиев.

41 (98)

Жиын барысында сөз алған облыстың ақсақалдар кеңесі, этномәдени бірлестіктері, аналар кеңесі, қоғамдық қорлар мен жастар клубы өкілдері өз бірлестіктерінің қызметі туралы баяндап, жұмыстарындағы жетістіктері мен түйткілді мәселелерін де атап өтті.

Қатысушылармен еркін сұхбат құрған облыс әкімі, қоғамның түрлі саласындағы өкілдермен тұрақты тоқсан сайын кездесіп, мұң-мұқтаждарына назар аударып, ұсыныстарын мүдделі ұйымдармен біріге талқылап, жүзеге асыру жолын қарастыратынын айтты.

41 (41)

Шара салтанатты рәсімге жалғасып, қатысушылар лайықты марапаттауға ие болды. Олардың ішінде БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абат Есенғалиев «Құрмет грамотасымен», БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина «Бірлік» медалімен, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, Еуразия халқы Ассамблеясының іскерлік байланыс Кеңесінің тең төрағасы, «МонтажТехСервис» ЖШС компаниясы тобының бас директоры Болат Анатайұлы Сарсенов  «Бірлік» медалімен, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Бирлик әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жастар қозғалысының төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Элгун Джаналиев «Жомарт жан»медалімен марапатталса, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ-вайнах жастары «Достық» жастар клубы төрағасының орынбасары Талғат Чудобаев  «Үздік волонтер» атауына ие болып, алғыс хатпен марапатталды.

41 (119)

41 (1)

41 (151)

41 (78)

41 (13)

Альфия Шамаева, 

zhaikpress.kz

Фото авторы: Эльвира Меңдіғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале