29.04.2024, 15:18
Оқылды: 49

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Сырым ауданында 114 үй тұрғызады

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім аясында қор қаражаты есебінен үлгілік жоба негізінде 114 тұрғын үй салынады.

 

WhatsApp Image 2024-04-29 at 16.11.14

Қоғамдық қор Жымпитыда 49, Бұлдырты ауылында 25 үй, Өлеңтіде 38 үй, Жетікөлде 1 және Жаңақоныс ауылында 1 үй салатын болады. Бұл ақпаратты БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев өңірілік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты.

- Қалған аудандардағы жарамсыз деп танылған үйлерді «КПО б.в.» компаниясының, жергілікті бизнес өкілдерінің және қайырымдылық қорларынан жиналған қаражат есебінен салу жоспарлануда. Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес, тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл мамыр айында басталып, жылыту маусымына дейін аяқталады. Жарамсыз деп танылған үй иелері баспанасыз қалмайды, мемлекет тарапынан барынша көмек беріледі. Бұл мәселе облыс әкімдігінің жеке бақылауында, - деді Әлібек Антазиев.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале