3.02.2025, 16:15
Оқылды: 84

Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жетті

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адам болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, - деп жазады KAZINFORM.

ЖП отбасы

Сурет: сайт архивінен

Оның ішінде:
қала тұрғындары – 12 774 743
ауыл тұрғындары – 7 511 341

Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен - 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).

Еске салсақ, 2050 жылы Астанада халық саны 3,5 млн адамға жететіні туралы жазған болатынбыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале