4.11.2024, 10:30
Оқылды: 85

Қазақстан жас боксшылары әлем чемпионатында топ жарды

22 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті аяқталды. Біздің құрама осы турнирде алғаш рет жалпы есепте бірінші орын алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_0699

Сурет: Қазақстан бокс фед/ы

Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 алтын, 1 күміс, 10 қола.

Алтын медаль алғандар:

Боранбек Бексұлтан (51 келі)

Төрехан Сабырхан (67 келі)

Өнер Сейілхан (71 келі)

Санжар-Али Бегалиев (75 келі)

Елянур Турганова (50 келі)

Аружан Зейноллаева (81 келі)

Жалпы есеп:

1. Қазақстан — 6 алтын, 1 күміс, 10 қола

2. Өзбекстан — 5 алтын, 5 күміс, 3 қола

3. Ресей — 5 алтын, 2 күміс, 1 қола

4. Қытай — 3 алтын, 3 күміс, 4 қола

«Құрама тарихындағы бұл ерекше жетістікке үлес қосқан барша спортшыларымызды құттықтаймыз!», деп жазды министрлік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале