25.05.2022, 10:30
Оқылды: 66

Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді – бірінші вице-министр

Қазақстанда бүгінде 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3

Ол Өзбекстанда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы экономикалық даму үшін тиімді басқару» халықаралық конференциясы барысында жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерінің көбеюі байқалғанын атап өткен.

Бірінші вице-министрдің мәліметінше, 10 жыл ішінде әлемде цифрлық еңбек платформаларының саны 5 есе өсті. Платформалық жұмыспен қамту көптеген адам үшін ақша табудың және кәсіби дамудың нақты әдісіне айналуда.

«Жаһандық компаниялардың 40%-ы өз жұмысында фрилансерлер санын арттыруды жоспарлап отыр. Ал Қазақстанда, біздің бағалауымыз бойынша, бүгінде 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді», – деді Ақмәди Сарбасов.

Спикер бірқатар жаңа стратегиялық бастамаларды да ұсынды. Ол халықтың табысын 2025 жылға қарай 27%-ға арттыру жөніндегі міндеттерді шешуге көмектесуі тиіс. Жалпы бастамалар 4 бағытта іске асырылады:

– оқыту және қайта даярлау арқылы жұмыс күшінің сапасын арттыру;

– заңнамалық реттеу арқылы еңбек нарығын ырықтандыру және жұмыстың икемді түрлерімен қамтылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

– халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту;

– еңбек нарығының цифрлық экожүйесін құру арқылы қызметтерді ауқымды цифрландыру.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде алдағы 5-10 жылда 240-қа жуық кәсіп пайда болуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале