4.10.2026, 17:30
Оқылды: 44

Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дерегіне сәйкес, бүгінде еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейінде 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде.

Мектеп, оқушы ЖП / Гүлмира С.С

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан

Атап айтқанда, мектептерде 420 мыңға жуық, мектепке дейінгі ұйымдарда 104 мыңнан астам, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 42 мыңға жуық маман жұмыс істейді.

Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында әйел мамандардың үлесі басым.

Сонымен қатар бұл салада тәжірибелі кадрлардың үлесі жоғары: ел мектептерінде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады, ал 73 мыңнан астам мұғалім 20 жылдан 30 жылға дейін еңбек етіп келеді.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен колледждерде де ұзақ жылдық өтілі бар мыңдаған маман жұмыс істеп, кәсіби тәжірибе мен педагогикалық дәстүр сабақтастығын жалғастыруда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале