3.08.2026, 21:00
Оқылды: 39

Қазақстанда 70 жылдан кейін алғаш рет жолбарыс табиғи ортасына жіберілді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға өтті.

IMG_20260803_185417_593

Фото:  EcologyofQazaqstan

Елімізде 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекендеу ареалына «Үміт» есімді Амур жолбарысының аналығы жіберілді. Бұл шара жолбарыстарды қайта жерсіндіру және олардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламасындағы алғашқы практикалық қадам болды.

IMG_20260803_185417_593

​Тарихи іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Ресей Федерациясының Әділет министрі, «Амур жолбарысы» орталығы бақылау кеңесінің төрағасы Константин Чуйченко, сондай-ақ ғылыми қауымдастық пен халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале