18.08.2026, 9:30
Оқылды: 8

Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі - 92,1% (3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр.

3a70b14c15aacc97b7f9f34b6f3e8d03_1280x720

Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды.

Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді.

Жалпы, шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамды құрайды.

Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі. Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале