7.06.2022, 16:45
Оқылды: 97

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өкілі Қазақстанда алаяқтық жиілеп кеткенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын әлеуметтік желілердегі 30-ға жуық жазба мен хабарламаны анықтады. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді. Клиент оларға қоңырау шалған кезде, құжат үшін 50-60 мың теңге сұрайды. Кейін бір ай ішінде беруге уәде береді. Ал төлем жасалғаннан кейін жасырынып қалып, телефондарын өшіріп тастайды", - делінген хабарламада.

2022 жылғы сәуірде ІІМ-не жүргізуші куәлігін алуға заңсыз жәрдемдескен 12 дерек бойынша ақпарат берілген.

"Азаматтарға арналған үкімет" өкілі жүргізуші куәлігін арнайы емтиханнан өту арқылы ғана алуға болатынын айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале