Қазақстан аумағында "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі атауларында "Ислам", "Құран" және "Мұсылмандар" деген сөздер жазылған жалпыға қолжетімді парақшалар іріктелу арқылы бұғатталды. Негізінен 50 мың жазылушыдан тұратын ірі парақшалар бұғатталды, ал кейбірінде тіпті миллионнан астам жазылушылары болғандары да бар.

Бұл парақшалар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өтініші бойынша бұғатталған. Министрліктің өзі бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Көп жағдайда әлеуметтік желідегі парақшалар Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын контенттің таралуына байланысты бұғатталады. Мысал үшін, экстремизмді насихаттарын жариялауға тыйым салынған.
Алайда бұл парақшалардағы мазмұн негізінен әртүрлі діни мәтіндер мен суреттерден тұратынын байқауға болады. Бұғатталған парақшалардың бірі мұсылмандардың танысуы үшін ашылса, екіншісінде ақпараттың жаңармағанына бір жылдан асқан.
https://stan.kz/