20.06.2022, 13:00
Оқылды: 91

Қазақстанда әрбір азамат жылына шамамен 200 дана жұмыртқа жейді

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында шаруалар 1,6 млрд дана жұмыртқа өндірді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,1 пайыз артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

енерго

Өңірлік тұрғыда жұмыртқа өндіру жағынан бірінші орында Алматы облысы тұр – 300,3 млн дана жұмыртқа және өнім өсімі 27,5% құраған.

Өндіріс жағынан көш бастап тұрған өңірлер арасында сондай-ақ Ақмола облысы (233,4 млн дана, минус 1,8%) және Солтүстік Қазақстан облысы (213,7 млн дана, өсім 2,2 есені көрсетті) бар.

Жалпы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елімізде 4,8 млрд дана жұмыртқа өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,5% аз. Бұған дейін 2019-2020 жылдары да елімізде өндірістің құлдырауы байқалған. 2021 жылы бір қазақстандықтың жұмыртқаны орташа тұтынуы жылына 193,9 жұмыртқаны немесе айына 16,2 жұмыртқаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,6% аз.

Сондай-ақ қала тұрғындарының ауылдықтарға қарағанда жұмыртқаны көбірек тұтынатыны белгілі болды. Жан басына шаққанда орташа алғанда жылына 211,9 дана (ауылда 168,2 дана). Жұмыртқаны көп жейтіндер Қостанай облысында тұрады: өткен жылы облыстың бір тұрғынына шаққандағы орташа тұтыну 259,8 жұмыртқаны құрады, плюс жылына 2,3%. Үздік «үштікке» Қарағанды мен Ақмола облыстары да кірді. Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау облысында тіркелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале