Ұлыбританияда маймыл шешегіне қарсы дәрі табылды
25 Мамыр 2022

Ұлыбританияда маймыл шешегіне қарсы дәрі табылды

Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді – бірінші вице-министр
25 Мамыр 2022

Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді – бірінші вице-министр

25 Мамыр 2022

"Рекордтар кітабына енеді". 1032 оқушы бір уақытта төрт күй орындады

Ыстамбұлда жарылысқа әзірленген жанкешті ұсталды
25 Мамыр 2022

Ыстамбұлда жарылысқа әзірленген жанкешті ұсталды

Екібастұзда сәби төртінші қабаттан құлап кетті
25 Мамыр 2022

Екібастұзда сәби төртінші қабаттан құлап кетті

Техаста мектепте атыс болып, 21 адам қаза тапты
25 Мамыр 2022

Техаста мектепте атыс болып, 21 адам қаза тапты

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

Әскери есепке алудың алғашқы рәсімін жергілікті әскери басқару органдары жүргізеді. Алдын ала әскерге шақыру учаскелеріне 17 жастағы 100 мыңнан астам жасөспірім тіркеледі, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

15

Әскерге шақыру пунктеріне келуге 2005 жылы туған жасөспірімдер шақыру қағазын алады. Олар барлық қажетті құжаттармен жергілікті әскери басқару органдарына келуге міндетті.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен азаматтарды тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссиялар құрылды.

Тіркеу барысында болашақ әскерге шақырылушылардың саны, әскери қызметке жарамдылық санаты, дене даярлығының деңгейі айқындалады.

Денсаулық жағдайы ерекше бақылауға алынады. Әрбір жас азамат міндетті медициналық тексеруден өтеді. Жасөспірімдерде қандай да бір сырқат анықталған жағдайда, олар тиісті емделу үшін денсаулық сақтау ұйымдарына тіркеледі.

Барлық рәсімдерден өткеннен кейін әскерге шақыру жасына дейінгілерге әскери есепке қою туралы тіркеу куәлік беріледі.

– Тіркеу куәлігі – әскери билет сияқты маңызды құжат. Бұл жас адам қызметке шақырылғанға немесе запасқа шығарылғанға дейін жарамды. Әскери есептен шығарылғаннан кейін және әскери билетті алғаннан кейін тіркеу куәлігі алынып, оны жергілікті әскери басқару органына жоюға беріледі, – деп түсіндірді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Азамат Досымов.

Сонымен қатар, жергілікті әскери басқару органдары жасөспірімдерге әскери қызметтің артықшылықтары мен перспективалары, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің және алыс-жақын шетелдердің әскери оқу орындарына түсу ережелері жөнінде ақпарат беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, республикада әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жыл сайын қаңтар мен наурыз аралығында жүргізілетін міндетті рәсім болып табылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале