20.04.2022, 9:15
Оқылды: 130

Қазақстанда бакалавриатты 2,5 жыл оқу мүмкіндігі пайда болады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда 2,5 жылдық оқу мерзімі бар пилоттық бакалавриат жобасы басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

002

Министрдің айтуынша, тілек білдіргендер 2-2,5 жыл оқығаннан кейін жұмысқа орналаса алады.

"Пилоттық режимде бакалаврларды дайындауды қолға алғымыз келеді. Олар 11-сынып негізінде жоғары оқу орнына немесе колледжге түсуіне байланысты, сәйкесінше, белгілі бір уақыт аралығында оқиды, бірақ оқу мерзімі қарапайым бакалавр дәрежесінде оқудан әлдеқайда қысқа болады.

Яғни, нарық қысқа мерзімде тәжірибеге бағытталған, 2-2,5 жылда жұмысқа шыға алатын маман алады. Егер қажеттілігі болса, ол оқуды жалғастырып, толық бакалавр дәрежесін алғысы келсе, онда мұндай мүмкіндігі болады. Университетке қайта оралып, қалаған бакалавр дәрежесін алады", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Пилоттық жобаны жаңа оқу жылынан бастап еліміздің бірнеше жоғары оқу орындарында бастау жоспарланған.

"Қазір қай университеттер екенін қарап жатырмыз. Елорда мен Алматыда болады деп ойлаймыз", - деп түйіндеді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале