24.10.2026, 17:00
Оқылды: 0

Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлайды. 

miniature-shopping-cart-7584887_1280

Фото: pixabay.com 

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 20 048,8 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға өсті.

Өсім сауда кәсіпорындарында да, жеке кәсіпкерлік сегментінде де байқалды. Сауда кәсіпорындарының тауар өткізу көлемі 2,1%-ға, ал базарларда сауда жасайтындарды қоса алғанда, жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу көлемі 9,3%-ға артты.

Бөлшек сауданың тауарлық құрылымында азық-түлік тауарларын өткізу қарқыны жоғары болды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 10,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарларды өткізу көлемі 1,6%-ға өсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале