22.06.2023, 17:51
Оқылды: 277

Қазақстанда қанша жетім бала баспана кезегінде тұр?

Елімізде 63 мың жетім бала тұрғын үй алу кезегінде тұр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖП ДОМ (4)

«Толық емес отбасылар» санатын «Бақытты отбасы» бағдарламасына қайтару туралы айтсақ, қазіргі таңда тұрғын үй алуға кезекте мынадай санаттағы азаматтар тұр: көп балалы отбасылар (103 мың азамат), 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (54 мың азамат), мүгедектігі бар балалары бар отбасылар (25 мың азамат), жетім балалар (63 мың азамат). Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасылар» санатындағы кезек 75% өскен. (2019ж. – 85,4 мың азамат кезекте болса, 2023ж. - 150,2 мың болған) және олардың үлесі кезекте тұрғандардың жалпы санының (641 мың адам) 24%-ына жеткен. Бұл өз кезегінде кезекте тұрғандардың жасанды өсуіне әкелді. Басқа санаттар арасында әлеуметтік наразылық тудырды. Көбінесе бағдарламаға қатысу және осы санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу үшін жалған неке қию, мәртебені сақтау немесе алу мақсатында неке қиюды әдейі болдырмау белгіленгендіктен, осы санат алынып тасталды», - делінген жауапта.

Үкімет басшысы келтірген анықтамаға сүйенсек, 2019-2021 жылдары елдегі ажырасулар саны 148 599-ға жеткен. Ажырасу фактілері әсіресе 5-9 жыл аралығындағы некелер арасында байқалған.

«Баспана кезегінде тұрғандардың, оның ішінде толық емес отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін бірқатар түрлі тетіктер көзделген:

- республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу немесе сатып алу;

- жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау;

- кредиттік тұрғын үй салу және кірістердің болуына байланысты «Отбасы банкі» АҚ-да (бұдан әрі – Отбасы банкі) жарна бойынша 5% жеңілдікпен кредиттеу», - деп жазылған жауапта.

Ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале