19.07.2026, 15:30
Оқылды: 37

Қазақстанда климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ұлттық жоспар әзірленуде

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, вице-министр М. Ошурбаевтің төрағалығымен климаттың өзгеруіне бейімделудің ұлттық жоспарын әзірлеу бойынша отырыс өтті.

709de4b3e37df60b95a1b4b901534630_1280x720

Фото: gov.kz

Шараға орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

​Бұл құжат Қазақстанның БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы мен Париж келісімі шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында Министрлік пен БҰҰ ДБ бірлесіп дайындалды. Ұлттық жоспар су, ауыл және орман шаруашылығы, денсаулық сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу сияқты 5 басым сектор бойынша климаттың өзгеруіне бейімделу іс-шараларын қамтиды.

Жиын барысында қатысушылар аталған бағыттар бойынша ұсынылған жобаларды талқылап, оларды іске асыру мен есеп беру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале