Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?
3 Маусым 2023

Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?

Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

9.04.2022, 12:40
Оқылды: 152
Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 3 айлық қоры бар

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев «Atameken-business» арнасының эфирінде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тапшылығы жоқ екенін мәлім етті.

200730203430298e

«Бүгінде бізде коронавирус инфекциясына қарсы дәрі-дәрмектің 3 айлық қоры қамтамасыз етілген. Оның бәрі арнайы хабтарда сақтаулы. Сонымен қатар, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қызметкерлері дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу бағытында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәрі-дәрмекті қымбаттатпау бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Кез келген дәріханада баға себепсіз көтерілген болса, осы комитеттің жергілікті департаменттеріне хабарласуға болады», - дедікомитеттің ресми өкілі.

Ал Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бөлім басшысы Әсия Молдинованың айтуынша, коронавирусқа және күнделікті пайдаланатын дәрінің қорын қалыптастыру үшін 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған.

«Қазіргі таңда Қазақстанның 8 аймағында тұрақтандырылған қор жиналған. 5 млрд теңгеден астам қаржыға коронавирусты емдеуге және күнделікті тұтынуға қажет дәрілік заттардың қоры алынған. Ал қалған 9 өңірде көтерме саудамен айналысатын дәріхана қоймаларында дәрілердің жалпы қоры бар. Қазіргі таңда ол дәрілік заттар жеткіліксіз деп айта алмаймыз. «Стелс-омикрон сияқты мутациялық штамдар елімізге келгеннің өзінде қажетті дәрімен қамтамасыз етеміз», - деді Әсия Молдинова.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан бойныша маусым айына дейін дәрі тапшылығы болмайтынын мәлім еткен болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале