9.04.2022, 9:20
Оқылды: 133

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 9 463 500 адамға жетті

2022 жылғы 08 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 463 500 адам салдырған.

220407233854128e

Комиссияның деректері бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 194 151 адам салдырған.

Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 976 746 адам, ІІ-ші дозасын 846 887 адам салдырған.

Оның ішінде: І-ші компонентімен 792 218 жасөспірім, 36 363 жүкті әйел, 129 718 бала емізетін әйел салдырса, ІІ-ші компонентін 705 269 жасөспірім, 30 827 жүкті әйел, 109 729 бала емізетін әйел салдырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале