31.03.2022, 18:00
Оқылды: 146

Қазақстанда құрылыс материалдары арзандауы мүмкін бе

Арматура бағасы жыл аяғына дейін тоннасына 500 мың теңгеден түсуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының төрағасы Виктор Микрюков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

06

«Мемлекеттік тапсырыстар аясында тұрғын үй салушылар мен жеке нарықта үй салып жүрген компаниялар коронавиурс шектеулері енгізілген кезден бері күйзеліспен жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Әуелі маман тапшлығы бойынша күйзеліс болған еді. Оның артынан құрылыс материалдарының қымбатшылығы күйзеліс туғызды. Осының салдарынан шектеулер бәсеңдеген кезде құрылыс материалдарына деген сұраныс бірнеше есе өсті. Енді Ресей Федерациясына қарсы салынған санкциялардың күйзелісі төніп тұр. Бізді ол күйзеліс айналып өтпейтіні анық», - деді ол конференцияда.

Айтуынша, қазір құрылыстың құны 10 пайыздан артық қымбаттаған.

«Құрылыстың өзіндік күні қымбаттап барады. Материалдар орта есеппен 10-25% көтерілді. Қиыршық тас, арматура сияқты жекелеген позицияларды алып қарасақ, 100% артық қымбаттаған. Арматура бағасы қалыпқа келіп, тоннасына 250 мың теңге болады деп үміттенеміз. Бірақ әзірге ол үміттің орындалатын сыңайы жоқ», - деді қауымдастық басшысы.

Сондай-ақ, ол құрылыс материалдарының арзандау ықтималдығы туралы пікір білдірді.

«2021 жылы арматура бағасы тоннасына 323 мың теңге болатын. Қазір ол 507 мың теңге. Жыл аяғына қарай бағаның түсуін күтіп отырмыз. Ал бетон бағасы ұдайы өсуде, төмендейтін түрі жоқ. Газ-блок бағасы жыл соңына қарай тұрақты мәнін көрсететін шығар. Бірақ материалдың бәрі жаппай арзандап, баспананың шаршы метрі арзандайды деп күтудің қажеті жоқ», - деді Виктор Микрюков.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале