10.08.2022, 12:00
Оқылды: 57

Қазақстанда «Ланъя» жаңа генипавирусы тіркелген жоқ

Жан-жануарлар арқылы таралатын «Ланъя» жаңа генипавирусы Қазақстанда тіркелмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

3a6add89c2a364bdb002d8de6007ef8b_XL

Фото дереккөзі: 24.kz

ВАК мәліметіне сәйкес, «Ланъя» вирусы алғаш рет осыдан төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде анықталған. Кейін екі жыл ішінде Қытайдың қос провинциясында тағы 35 адамның осы вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Науқастарда келесі белгілер байқалды: дене қызуы, шаршағыштық, жөтел, миалгия, жүрек айну, бас ауруы, тәбеттің болмауы.

Бұл – зоонозды инфекция, яғни адам вирусты ауру жануарлардан жұқтырады.

Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерде анықталды. Жабайы табиғатта вирус шіркейлерде кездеседі.

Қазақстанда «Ланъя» вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале