12.03.2020, 12:25
Оқылды: 267

Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Mektep

«2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», – деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын жария етті.

ҚазАқпарат

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале