Астана қаласында «Қазақстандағы өнеркәсіпті декарбонизациялауға жәрдемдесу» техникалық көмек жобасы бойынша бастапқы іс-шара өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, Дүниежүзілік банктің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жоба Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшуін және өнеркәсіпті декарбонизациялау жөніндегі міндеттерді практикалық іске асыруды қолдауға бағытталған. Негізгі назар шығарындыларды азайту мүмкіндіктерін айқындауға, заманауи технологияларды енгізуге, қолданыстағы кедергілерді анықтауға және климаттық қаржыландыруды тарту үшін жағдай жасауға аударылатын болады.
Жобаның негізгі нәтижелерінің бірі Қазақстан өнеркәсібін декарбонизациялау жөніндегі Жол картасын әзірлеу болады. Ол өнеркәсіп секторын жаңғыртудың практикалық шаралары мен перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, қаржы ұйымдарымен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Бірлескен жұмыс төмен көміртекті шешімдерді енгізуге, жобалардың инвестициялық дайындығын арттыруға және Қазақстанның ұзақ мерзімді климаттық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді деп күтілуде.