16.11.2026, 23:00
Оқылды: 24

Қазақстанда онкологиялық ауруларды гендік деңгейде анықтайтын заманауи әдістемелер енгізілуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ мамандары плацента мен кіндік бауының дің жасушалары негізінде бірегей биомедициналық жасушалық өнімді жасап шығаруда.

InShot_20261116_210537232

Фото: DenMinPR

2025-2027 жылдарға арналған ғылыми бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан бұл зерттеулер келешекте қант диабеті, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі мен аутоиммундық дерттерді емдеуде қолданылады деп күтілуде.

​Сонымен қатар Орталықта ДНҚ-микрочиптер мен жаңа буын секвенирлеу (NGS) технологиялары арқылы онкологиялық ауруларды молекулалық-генетикалық тұрғыдан диагностикалау әдістері белсенді түрде енгізілуде. Бұл инновациялық тәсілдер ісік дерті кезіндегі генетикалық өзгерістерді дөп басып анықтап, емдеу бағытын әр пациентке жеке бейімдеуге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале