13.04.2022, 9:00
Оқылды: 111

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 12 науқас тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте 12 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220413080445016e

Ведомствоаралық комиссияның күн сайынғы мәліметінше, олардың дерттері ПТР арқылы расталып, ауырғандары белгілі болған.

«Аймақтар бойынша сараптайтын болсақ, науқастардың 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында тұратын болса, 8-і Алматы қаласының тұрғыны. 1-еуі Алматы облысының, тағы 1-еуі Қарағанды облысының азаматы. Жалпы, пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны - 1 305 327», - делінген комиссияның хабарламасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале