3.03.2022, 16:20
Оқылды: 63

Қазақстанда соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 4,3 пайызға артты

Елімізде соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 4,3 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы «Қазақстандағы балалар семіздігінің таралуын зерттеу» конференциясында балалар денсаулығы бойынша елдегі жағдайға тоқталған ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов айтты.

74DD4942-AB28-450B-B00D-F5F1D5BDEC01

«Қазақстанда соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 4,3 пайызға артты. Былтыр Шымкент қаласы, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен елордада дүние есігін ашқан нәрестелер көбейген. 1 жасқа дейінгі сәбилер арасында тыныс алу жүйесіндегі аурулар (49,7 пайыз) жиі кездеседі.

Ал 18 жасқа дейінгі балалар арасында ас қорыту жүйесінің аурулары – 9,4%, жүйке жүйесінің аурулары – 6,1%, көз аурулары – 5,2%, қан аурулары – 5,1% тіркелді», - деді ол.

Өткен жылы ел аумағында 447 290 баланың кіндігі кесілген. Оның ішінде 25 776 нәресте шала туылды.

«Былтыр 5 млн 600 мың бала медициналық профилактикалық тексерістен өтуі тиіс болған. Алайда тек 4,5 млн бала тексерілді. Бұған коронавирусқа байланысты карантин шектеулерінің күшейтілуі, оқушылардың онлайн форматта оқуы себеп болған. Тексерілген балалардың 7,4 пайызынан алғаш рет қандай да бір сырқат анықталды», - деді Олжас Ысқақов.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале