25.07.2026, 9:00
Оқылды: 4

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған кешенді бағдарлама әзірленеді

ҚР Үкіметінің дерегінше, Қазақстанда ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға бағытталған кешенді бағдарлама әзірленеді.

photo_5413451315200858632_y

Фото: KZgovernment

Жаңа құжат суару инфрақұрылымын дамыту, шаруаларды қаржылай қолдау және отандық жабдықтар мен материалдарды пайдалануды ынталандыру шараларын біріктіреді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин суармалы егіншілікті дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте тиісті тапсырма берді.

Бағдарлама заманауи суару жүйелерін енгізудің барлық кезеңін – су көзінен бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің алқабында жабдықты орнатуға дейінгі үдерісті толық қамтиды. Құжат аясында жаңбырлатып суару машиналарын, суару қондырғылары мен өзге де қажетті инфрақұрылымды сатып алуға арналған жеңілдікті қаржыландыру тетіктері қарастырылады. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, өсірілетін дақылдың ерекшелігі мен күтілетін экономикалық тиімділікті ескеретін егіншілік жүргізудің қаржылық моделі әзірленбек. Мемлекеттік қолдау көрсету барысында отандық өндірістегі техника мен жабдыққа басымдық беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале