3.11.2026, 10:00
Оқылды: 11

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы 14 сағатқа тоқтайды: Себебі белгілі болды

Техникалық жұмыстар бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерін қамтиды. 4 қарашада Қазақстан аумағында телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады. Бұған жоспарлы профилактикалық жұмыстар себеп. Бұл туралы «Қазтелерадио» компаниясы хабарлады - деп жазды baq.kz.

Close-up shot of a person's hand holding remote control, pointing at television set with blurred screen in background, capturing an indoor scene with modern technology

Сурет: istockphoto.com

Техникалық жұмыстар бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерін қамтиды.

Хабар тарату Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.

Компанияның мәліметінше, профилактикалық жұмыстар телерадио хабарларын тарату желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале