23.06.2026, 9:30
Оқылды: 22

Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем тіркелді. Бұл кезеңде төртемдер тіркелмеген, - деп жазады Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

_gluster_2026_6_22_211bfb61f7baa16276395c5ebcdcaacf_1280x720

Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады - 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175).

Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде 3 үшемнен тіркелген, тиісінше 9 нәресте дүниеге келген.

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале