2.09.2022, 17:00
Оқылды: 184

Қазақстанда зейнетақы қалай және қашан өседі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемдері қалай және қашан өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар кешені ұсынылған. Әлеуметтік кодекс жобасы аясында ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін базалық зейнетақының мөлшері мен шекті кірістің ұлғаюы қамтамасыз етіледі. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақыларды, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін (қызметкердің зейнетақы жинақтары есебінен қалыптастырылатын) қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты.

Ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп қысқаратыны белгілі, өйткені оларды тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйесі енгізілгенге дейінгі еңбек өтілі ескеріледі.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру және азаматтарды тиісті зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатында

Мынадай өзгерістер енгізу жоспарланған:

"Бірінші. 2023 - 2027 жылдар аралығындағы кезеңде ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 54-тен 70 пайызға дейін, ең жоғары мөлшерін 100-ден 120 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51 пайызға дейін арттырылатын болады. Бұл ретте базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13 пайыз болады және барлық 2 миллион зейнеткерге қатысты болады.

Екінші. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыларды есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделеді", - делінген хабарламада.

Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға (3 жыл ішінде - 109-дан 138 мың теңгеге дейін) арттыруға және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

"Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу бойынша міндеттемелер қабылдайды", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале