23.09.2026, 17:00
Оқылды: 7

Қазақстандағы 670-ке жуық өнеркәсіп кәсіпорны қайта және айналымды сумен жабдықтауға көшпек

Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындары мен жылу өндіруші субъектілері Су кодексіне сәйкес қайта немесе айналымды сумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшу бойынша бес жылдық жоспар әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ қолданыстағы жүйелерді ең озық қолжетімді технологияларды қолдана отырып жаңғыртуы қажет. Бұл шара судың өндірістік емес шығынын азайтуға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жазды. 

65558f2fdaed35ec88332033a85cc1595d6bb8b94ee3ff8f1c58b9c83184b1ff_1280x720

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда рұқсат етілген су пайдалану көлемін қысқарту шаралары қарастырылған. Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын шамамен 25 млрд текше метр су тұтынылады. Оның 20-25 пайызы өнеркәсіп қажетіне жұмсалады.

Қазіргі уақытта 671 өнеркәсіп кәсіпорны қайта немесе айналымды сумен жабдықтауға көшуге дайындалып жатыр. Бүгінде 191 көшу жоспары әзірленген, оның 91-і келісу кезеңінде. Тағы 278 жоспар әзірленіп жатыр.

«Келесі жылдан бастап бұл құжаттар арнайы су пайдалануға рұқсат алу кезінде міндетті талапқа айналады. Бұл шара Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасында белгіленген нысаналы көрсеткіштерге сәйкес өнеркәсіпте суды қайта пайдалану үлесін 28 пайызға дейін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта министрлігіміз өндірістік мақсатта су алатын су пайдаланушылардың тізімін анықтады. Сонымен қатар әр кәсіпорын бойынша соңғы үш жылдағы статистикалық деректер қайта тексеріліп жатыр. Себебі суды қайта пайдалану фактілері кей жағдайда қате түрде айналымды сумен жабдықтау ретінде көрсетілген», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале