15.08.2022, 12:45
Оқылды: 93

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

02

Ведомство мәліметінше, биылғы 7 айда қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 миллирад теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 миллирад теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 миллиард теңге бөлінген.

"2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 247 мың адам. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, шілдеде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 117 469 теңге болған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале