15.05.2022, 9:39
Оқылды: 226

Қазақстандағы су айдынына дрондар арқылы мониторинг жасалмақ

Қазақстан мамандары су айдынына ғарыштық мониторинг жүргізудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220514133155402e

Қазіргі уақытта «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚГС) қызметкерлері су айдындары түбінің биіктік деректерін алуға, олардың түбін картаға түсіруге мүмкіндік беретін цифрлық батиметриялық түсірілімді енгізуде, деді агенттік тілшісіне Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесі департаменті директорының орынбасары Берік Рахымжанов.

Белгілі болғандай, мекеме жаңа жабдық – қашықтан басқарылатын цифрлық дрон - Apache 3 ұшқышсыз гидрографиялық кешенін сатып алған. Бұл дронды ҚР Білім және ғылым министрлігі «Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанның ірі өзендері бассейнінде су тасқынын алдын алу алгоритмін әзірлей отырып, кешенді басқарудың ғылыми-қолданбалы негіздері» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде алды.

«Барлау жабдығының бұл түрі Қазақстанда алғаш рет қолданылуда және бұл тәсілді «дәл гидрология» деп атауға болады. Алынған мәліметтер шынайылық, нақтылық және ақпаратты жинаудың жоғары тиімділігімен ерекшеленеді», - деп атап өтті Б.Рахымжанов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале