Бұл туралы спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан көркем гимнастикадан XIV Азия чемпионатының шешуші күні Қазақстан қоржынына тағы 5 медаль түсті.
Жекелей сында Елжана Таниева әуелі шығыршықпен және лентамен өнер көрсетуде күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал ұршық және доппен көрсеткен жаттығуында өзбекстандық гимнастарға жол беріп, 3-орыннан көрінді.
Тағы бір отандасымыз Айбота Ертайқызы шығыршық және доппен өнер көрсетуде жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.
Ал 3 лента+2 доп жаттығуында Ұлттық құрама арулары қола медаль жеңіп алды. Мұнда Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Кәдір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева мен Ақсұңқар Әбдірахман ел намысын қорғады.
Биылғы чемпионатқа сары құрлықтағы 18 ел мен Аустралия мен Жаңа Зеландиядан келген 200-ге тарта гимнаст жиналды. Манилада әр сында финалға шыққан спортшылар мен Ұлттық құрамалар көркем гимнастикадан 40-шы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
11:1525.08.2023
Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді
12:151.08.2023
Универсиада: Қазақстан құрамасы 10-орынға көтерілді
15:303.04.2023
Елжана Таниева Әлем Кубогы кезеңінде ІІ орын алды
9:1513.03.2023
Қазақстандық Елжана Таниева – Испаниядағы Гран-Придің қола жүлдегері
1.08.2023, 12:15
3.04.2023, 15:30
13.03.2023, 9:15