16.04.2024, 16:14
Оқылды: 22

Қазақстандық қызға даладан гүл тергені үшін миллиондаған теңге айыппұл салынуы мүмкін

"Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғынына гүл тергені үшін бірнеше миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін", - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

3fd8bcc8b347a8b09426c151f8aa252d

Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Қызыл кітапқа енген және заңмен қорғалған қызғалдақты терген студентті анықтаған.

Қыз құрып кету қаупі төніп тұрған Грейг қызғалдақтарын теріп жатқанын видеоға түсірген. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

"Ол Ұялыжар ауылдық округінде орналасқан далада Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, видеоға түсіріп, өз парақшасына жариялады. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдік түрлерін алу дерегі полиция бөлімінде тіркелген. Барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді баспасөз қызметі.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жойғаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны атап өтілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале