4.05.2022, 16:15
Оқылды: 135

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 285,5 мың теңгені құрады

Биылғы бірінші тоқсанда қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 285,5 мың теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

29

«2022 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285433 теңгені құрады», - делінген статистикалық мәліметте.

2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда жалақының ең көп өсімі құрылыс (33,7%), мемлекеттік басқару (33,1%), көлік және қоймалау (30,4%), ақпарат және байланыс (26,6%) салаларында байқалған. Білім беруде орташа айлық жалақы 21,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 18,1% өскен.

Салалар бойынша ең жоғары еңбекақы:

- тау-кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде – 619,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары);

- қаржы және сақтандыру қызметінде – 521,1 мың теңге (1,8 есе жоғары);

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 416,4 мың теңге (1,5 есе жоғары);

- ақпарат және байланыс саласында – 415,5 мың теңге (сәйкесінше 1,5 есе).

Ең төменгі жалақы:

- ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 144,1 мың теңге;

- өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 169,6 мың теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғары айлық Атырау облысында белгіленді – 477,9 мың теңге (орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары). Ең төмен айлық – Солтүстік Қазақстан облысында – 203,4 мың теңге (ел бойынша орташа деңгейден 28,7% төмен).

30

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале