3.11.2021, 10:58
Оқылды: 85

Қазақстандықтардың шығыны бір жылда 19% артты

Биылғы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен халықтың ақшалай шығындары бір адамға шаққанда 197,6 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,5% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz-ке сілтеме жасап.

10

Салыстыру үшін айта кетейік, өткен жылы бұл шығындар 166,7 мың теңгені құрады, бір жылда 4,8% артып отыр.

Бұл ретте азық-түлік тауарларына жұмсалған шығындар – 12%, азық-түліктік емес тауарларына – 24%, ақылы қызметтер шығындары 35% ұлғайды.

Өңірлік бөліністе ең көп шығын Алматыда тіркелді: жан басына шаққанда 275,5 мың теңгені құраған, жылдық өсім — бір жылда 17,7%. Ақшаны ең көп жаратқан өңірлер арасында Қарағанды (247,2 мың теңге, жылына 22%) және Павлодар (237,3 мың теңге, плюс 30%) облыстары да атап өтілді.

Табысын ең аз жұмсаған Түркістан облысының тұрғындары: 133,7 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 25% көп. Шығындардың негізгі бөлігі — 92,7% - халықтың тұтынушылық қажеттіліктерін өтеуге жұмсалған: 183,2 мың теңге, бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,6% көп. Оның ішінде 105,6 мың теңге азық-түлік тауарларына, 45,2 мың теңге азық-түлік емес тауарларға, 32,4 мың теңге ақылы қызметтерге кетті.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале