10.06.2026, 17:15
Оқылды: 30

Қазақстанға популяцияны қалпына келтіру үшін жеткізілген төрт жолбарысқа есім берілді

Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есімдер берілді, - деп жазады Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

_gluster_2026_6_10_fe99b7c01c666f194802a2a2f284f0d0_1280x720

аталық жолбарыс — Амур;

аналық жолбарыс — Үміт;

еркек күшік — Тұран;

ұрғашы күшік — Уссури.

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтуде. Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

_gluster_2026_6_10_c8ae0b449b18dea08417e159e1c0c178_1280x720

Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі. Жіберу алдында жолбарыстар спутниктік қарғыбаулармен жабдықталады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале