18.03.2022, 16:00
Оқылды: 95

Қазақстаннан автокөлікпен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйым 6 айға ұзартылады

Қазақстан аумағынан автомобиль көлігі мен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу 6 айға ұзартылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

«Мемлекет басшысының жанар-жағармай нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасы бойынша мынадай іс-шараларды қабылдау жоспарланған. Бірінші - мұнай өнімдерін өндіру және бөлу саласында ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда мұнай жеткізушілер мұнай өнімдерін соңғы сатушылар мен көтерме сауда жеткізушілеріне сатады. Бұл ретте көтерме сауда жеткізушілер ретінде меншік құқығында мұнай базалары бар тұлғалар ғана емес, жалдау құқығында мұнай базалары бар тұлғалар да әрекет етеді. Осыған байланысты, мұнай өнімдерін өткізу кезінде өнімсіз делдалдарды алып тастауды көздейтін түзетулер әзірленді», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, екіншіден, «ҚазМұнайГаз» базасында 150 мың тонна көлемінде және «Қазақстан темір жолы» базасында 50 мың тонна көлемінде ірі тұтынушыларда мұнай өнімдерінің резервтерін құру көзделеді.

«Үшінші - Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды 6 айға ұзарту бойынша бұйрық қабылдау. Төртінші - мұнай базаларын есепке алу-бақылау аспаптарымен жарақтандыру», - деді Болат Ақшолақов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале