1.04.2022, 16:45
Оқылды: 140

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы бір жылда 1,5 еседен астамға өсті

Осы жылдың қаңтар айында Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 1,4 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 53,4% артық. ҚР тауар айналымы құрылымындағы Қытайдың үлесі 16,1% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz-ке сілтеме жасап.

210930150825a3843076d

Осы жылдың бірінші айында Қытайға экспорт көлемі импорт көлемінен асып түсті. Экспорт бір жылда бірден 77,9%, яғни 771,7 млн АҚШ долларына жетті. ҚР-дан экспорттың барлық көлемінен Қытайдың үлесі 12,7% құрады.

Импорт, өз кезегінде, 31,8%, яғни 648,5 млн АҚШ долларына артты. ҚР-дағы импорттың жиынтық көлеміндегі Аспан асты елінің үлесі 23,8% құрады.

Қаражаттың көп бөлігін қытайлық инвесторлар ҚР өңдеу өнеркәсібі саласына: 2,8 млрд АҚШ долларын жұмсады.

Танымал салалардың ішінде көлік және қоймалау (2,6 млрд АҚШ доллары, жылына минус 21,5%) және сауда мен автожөндеу (2,1 млрд АҚШ доллары, плюс 20,3%) бар.

2022 жылдың 1 наурызына қарай елде Қытайдың қатысуымен жұмыс істеп тұрған 1,5 мың компания бар — бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 17,4% көп.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале