«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның жоғары оқу орын білім беру бағдарламаларының 2025 жылға арналған рейтинг нәтижелерін ұсынды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адам ресурстарын дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов бұл рейтинг білім беру бағдарламаларының сапасына объективті баға беретін, еліміздегі білім сапасын талдау мен бағалауда көпжылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Сурет: gov.kz
Білім беру бағдарламаларының рейтингі талапкерлерге, ата-аналарға, жұмыс берушілерге және білім беру ұйымдарына пайдалы әрі объективті ақпарат ұсынуға бағытталған. Рейтингті әзірлеу барысында келесі міндеттер жүзеге асырылды:
2024 жылы 95 жоғары оқу орнынан 2051 білім беру бағдарламасы талданып, 117 рейтинг құрастырылды. Бағдарламалардың мазмұнын бағалау үшін еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам салалық сарапшы тартылды.
Түлектер туралы негізгі статистикалық мәліметтер:
Ең жоғары еңбекпен қамтылу деңгейін көрсеткен білім беру бағдарламалары:
Аймақтық айырмашылықтар:
2024 жылы жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы – 3,3 ай.
Білім беру бағдарламаларының рейтингі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің жетістіктері мен өсу аймақтарын көрсетеді, бұл саланы әрі қарай дамыту стратегиясын құруға мүмкіндік береді. Рейтинг қазақстандық жоғары оқу орындарының білім сапасындағы айтарлықтай жетістіктерін көрсетеді, бірақ сонымен қатар қосымша назар аударуды қажет ететін салалар да анықталды.