19.08.2022, 15:15
Оқылды: 173

"Қазақтелеком" Kcell-ді сатуға қатысты сұраққа жауап берді

"Қазақтелеком" Kcell-ді сату мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6

Компанияның бас қаржы директоры Людмила Атамұратова операторлардың бірін нарыққа шығару арқылы телекоммуникациялар секторында монополиясыздандыру мүмкіндігі мәселелері Үкімет жанынан құрылған экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі арнайы комиссиямен қаралуға тиіс екенін және солай қаралатынын хабарлады.

"Нарықты әлеуетті монополиясыздандыру мәселесі, Kcell-ді әлеуетті сату мәселесі премьер-министр төрағалық ететін монополиясыздандыру жөніндегі комиссияда қаралып жатыр. Бүгінге дейін бізге Kcell-ді сату бойынша ешқандай ұсыныс пен шешімдер түскен жоқ. Егер комиссия шешім қабылдаса, онда бұл жағдайда тиісті корпоратив шешімдер қарастырылды. Kcell-ді сатып алу туралы ұсыныстар түскен жоқ", - деді Атамұратова KASE "Эмитент күні" жобасы аясындағы онлайн-кездесу барысында.

Еске салайық, бұған дейін "Самұрық-Қазына" басшысы "Қазақтелеком" акцияларын мемлекет меншігіне өткізу туралы айтқан болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале