20.10.2021, 16:42
Оқылды: 177

Қазан айы – қамқорлық айы

Осы ұранды ұстанған «Азаматтарға арналған үкімет» БҚО филиалының HR және сапа менеджменті жүйесі басқармасы ұжымы қалалық жұмыспен қамту бөлімінен Орал қаласының тұрғыны, жалғызбасты қария Райса Сулейменованы өз қамқорлығына алуды жөн көрді.

WhatsApp Image 2021-10-20 at 16.33.31
Аталмыш басқарма ұжымы сексеннің жетеуіне келген кейуана Райса Насырқызының үйіне барып, өмірлік тәжірибесі мен тәлім тәрбиеге толы әңгімесін тыңдап, үй тірлігіне қолғабыс етіп келді.
«Еліміздің дамуына елеулі еңбегін сіңірген қарияларымызды құрмет тұтып, сыйлап, ақ батасын алып жүру - біз үшін үлкен мәртебе. Олар бүгінгі тәуелсіз елімізге аянбай еңбек еткен жандар. Бір реттік акция емес, үнемі қамқорлығымызда болуы үшін осы қарияға ай сайын барып тұруды жөн санадық. Филиал ішіндегі бөлімдер арасында челлендж түрінде кезекпен барып, халін сұрасып, қолдан келгенше көмектесіп тұратын боламыз», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» БҚО  филиалының директоры Надир Құрымбаев.
«Азаматтарға арналған үкімет» БҚО филиалы қызметкерлері қайырымдылық шараларын үнемі ұйымдастырып тұрады. Бұған дейін тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға да азық-түлік тарату акцияларын бірнеше мәрте жасаған болатын.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
БҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале