31.01.2020, 14:03
Оқылды: 63

Казталов ауданы тұрғындарының 88 пайызы газбен қамтылған

Бұл жұмысқа 998 млн. 542 мың теңге бөлінді. Бұл туралы Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев халық алдындағы есебінде баяндады.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.40 (1)

Өз есебінде Казталов ауданының газбен, сумен қамтылу мәселесіне кеңінен тоқталған аудан әкімі жоспардың басым бөлігі орындалғанын мәлімдеді. Атап айтсақ, 2019 жылы Киров-Шежін каналы арқылы Жайық өзенінен Қараөзенге су жіберу жұмыстары жүргізілді. Ресейден  келетін суға тәуелділікті азайтуды мақсат еткен бұл жобаның құны 2 401,726  теңге. Канал шаруа қожалықтарына мал суаруға және екпе жерлерді суландыруға мүмкіндік берген болатын.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.34

Өткен жылы Қарасу ауылын сумен жабдықтау жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Жоба құны – 203 млн. 694 мың теңге.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.40

Сондай-ақ былтыр ауданның 5 елді мекеніне газ берілді. Осы жылдың басында жоспарланып отырған 4 елді мекенге газ тарту жұмыстары басталды. Аудан тұрғындарының газбен қамтылу көрсеткіші 88%-ға жетті. Бұл жұмысқа 998 млн. 542 мың теңге бөлінді. Аталған 9 елді мекеннің әлеуметтік нысандарын көгілдір отынмен қамту үшін жобалық сметалық құжаттар жасақталуда.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале