19.09.2019, 18:41
Оқылды: 153

Қазталов ауданында соңғы үш жылда 74 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте Қазталов ауданының әкімі Альберт Есалиев баяндады.

jer

Әкімнің айтуынша, соңғы үш жылда мақсатқа сай пайдаланылмаған 62 шаруа қожалықтың иелігінде болған 74 142 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Биылғы 9 айда жалпы көлемі 138 092 гектар болатын 128 жер учаскесі жер пайдалануға берілген. Соның ішінде инвесторларға 1 600 гектар жер берілген. Сонымен қатар, Қазталов, Жалпақтал ауылдарында коммерциялық мақсатта 10 жер учаскесі, жалпы көлемі 2,026 гектар жер аукцион арқылы электронды түрде zem.kz порталы арқылы жалдау құқығы 2,3 млн.теңгеге сатылған.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале