22.11.2020, 21:16
Оқылды: 354

Казталов ауданындағы Болашақ ауылының мектебі күрделі жөндеуден өтті (СУРЕТ)

f2dca386-31df-482d-9485-6ce9815637db

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Казталов ауданындағы Болашақ ауылдық округінде болды. Округ орталығындағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасымен күрделі жөндеуден өткен А.Байтұрсынов атындағы орта мектеппен танысты.

2ad03525-9508-4841-b239-1cee11aa804e

461 орындық мектеп ғимараты типтік жобамен 1988 жылы салынған. Содан бері жөндеу көрмеген ғимараттың төбесінен су кетіп, балалардың білім алуына қолайсыздық туғызған болатын. Облыстың, ауданның атқамінер азаматтары бұл жағдайды талай мәрте өз көздерімен көріп, мәселені шешу жолында жұмыстанды. Соның нәтижесінде мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, ендігі кезекте қаржы бөлу ғана қалып еді. Көптің тілеуі бір арнаға тоғысып, биыл «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары басталып, құрылысты «Жиенбай» ЖШС-нің ұжымы уақытында аяқтады.

5ad626e2-7d35-4def-ba67-24c0b97f7c93

Ғали Нәжімеденұлы жөндеу жұмыстары аяқталған білім ордасын аралап көрді. Заманауи жөнделген мектептің іші жарық және жылы. Балалардың білім алуына толық мүмкіндік жасалып отыр. Мектепте облыс басшысы ұстаздармен және ауыл тұрғындарымен кездесті.

Білім нысанының дер кезінде жөнделіп, мәселенің күрмеуі шешілгеніне ардагер ұстаз, ауыл тұрғыны Жанғаным Ерғалиева: - Біздің қуанышымызда шек жоқ. Мектебіміз күрделі жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар қуанышқа бөленіп жатыр. Менің өзім осы мектепте 37 жыл еңбек етіп, зейнетке шықтым. Біздің Болашақ секілді шалғайда жатқан ауылға көңіл бөліп, мәселені шешуде жұмыстанған Ғали Нәжімеденұлы бастаған азаматтарға алғыс айтамын! Бұл – болашақ үшін жасалған жұмыс деп толық айта аламын! - деп алғысын білдірді.

f10660ee-83c5-4658-9bc5-554a94ef9479 207fe996-d326-40c7-b2a1-d22a1ae7cf50 f05d856d-6694-476f-ae4c-8e46d3a75519 f5ac10ec-c304-4d71-8f88-a26d2c936afa eaa5894a-b34b-4033-93f9-3483630a9220 f2dca386-31df-482d-9485-6ce9815637db

Қайрат Жақып, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале