16.06.2022, 10:15
Оқылды: 82

«Қазтеміртранс» филиалы басшысының жемқорлығы әшкереленді

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директорының облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алып отырғанын әшкереледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

444444

Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктіге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, 19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале