Сәтбаев университеті – Мемлекет басшысының «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасын қолдап, осы бағдарламаға қатысушыларға елеулі жеңілдіктер беріп отырған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
2025 жылы 20 қаңтар күні Сәтбаев университеті мен мемлекеттік білім беруге жинақтау жүйесі саласының операторы – «Қаржы орталығы» АҚ арасында жасалған меморандумға қол қою рәсімі өтті. Осы меморандум аясында университет «Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушыларға оқу ақысына 20%-дан 50%-ға дейінгі көлемде жеңілдіктер ұсынады.
«Келешек» жүйесіне қатысушылар, оның ішінде келесі талапкерлер:
«Қаржы орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов:
«Осы меморандумға қол қою арқылы біз жастардың білім алуы мен дамуына қолайлы орта қалыптастыру жолында алға қарай тағы да бір қадам жасап отырмыз. Жоғары білім алу – келешек мамандыққа деген жол ғана емес, сондай-ақ әрбір адам өз бойындағы әлеуеті мен қабілетін іске асыруына, сөйтіп еліміздің дамуына өз үлесін қосуға деген тамаша мүмкіндік», – деп атап өтті.
Келісімге Басқарма төрағасы – университет ректоры Мейрам Бегентаев пен «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов қол қойды. Осылайша, мемлекеттік білім беру грантына ие бола алмаған, алайда «Келешек» бағдарламасы бойынша жалпы оқу құнының жартысын жинақтай алған талапкер Сәтбаев университетіне оқуға түскен кезде жоғарыда аталған жеңілдіктерді пайдалана алады.
– «Келешек» бағдарламасына қолдау көрсету – Мемлекет басшысының бастамасын қолдау, сондай-ақ біздің негізгі мақсат-мүддемізді іске асыру, – деді ректор Мейрам Бегентаев өз сөзінде. – Біз техникалық білім беруді сапалы және бәріне қолжетімді етіп, еліміздің өмірін жақсартатын жаңа инновациялар жасауға тырысамыз. Сондықтан да бағдарламаға қатысушылар тек қаржылық жеңілдіктер ғана емес, сонымен қатар Сәтбаев университетіндегі мықты білім беру және ғылыми қауымдастықтың бір бөлшегі болуға мүмкіндік алады.
Сурет: gov.kz
Аталған ынтымақтастық келісім аясында екі жақ тараптар да дарынды студенттерге қолдау көрсете отырып, оларды қаржылық қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды күшейтуге, сондай-ақ жаңа білім беру бастамаларын енгізуге ниет білдіріп отыр.