9.01.2024, 17:16
Оқылды: 59

Кеңескенде кемшілік болмайды

Бүгін БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері өңірдегі партия филиалдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Алқалы басқосуды сөз сөйлеп ашқан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов жүйенің ҚР Орталық Сайлау Комиссиясы белгілеген қағидаттары мен құндылықтары туралы кеңінен айтып берді.

WhatsApp Image 2024-01-09 at 17.48.25

Соның ішінде сайлаушылардың толық сенімінен шығудың, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынастың ерекшелігіне тоқталды. Бұл істе өңірдегі партия филиалдарымен өзара іс-қимылдың орны бөлек. Әділ Жоламанов саладағы маңызды конституциялық реформалар, аудан әкімдерін және ауыл әкімдерін сайлауда жинақталған тәжірибе жүйені жетілдіруге, сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейтуге жол ашатынына сенім білдірді.

WhatsApp Image 2024-01-09 at 17.48.25 (1)

Кездесуде саяси партия өкілдері өздерін толғандырған сауалдарды ортаға салды. «Ауыл» партиясы БҚО өңірлік филиалының басшысы Мынатаубиік Анесов электоралды белсенділікті арттыру бағытында өз ұсынысын білдірді.

WhatsApp Image 2024-01-09 at 17.48.26

Ауыл әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын ұйымдастыруды жоғары бағалаған «Amanat» партиясы БҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семғалиева мұндай шара партиялар арасында да өткені жөн деді. Жиында учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру жолдары ұсынылды. Партия өкілдері сайлаушыларға тізімдерде өздерін тексеруге мүмкіндік беретін онлайн сервистердің жұмысы және электоралдық оқыту нәтижелері туралы сұрап білді. «Партия өкілдерімен кездесуіміз тұрақты өтіп тұратын болады». Осылай деген Әділ Жоламанов алқалық пен ашықтық облыстық комиссия жұмысының негізгі басымдығы болады деп кездесуді қорытты.

WhatsApp Image 2024-01-09 at 17.48.26 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале